Бүгін 6 қалада метеожағдай қолайсыз болады

346

"Қазгидромет" РМК 21 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін 6 қалада метеожағдай қолайсыз болады Фото: inbusiness.kz

Дүйсенбіде Ақтөбе, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу