Бүгін 7-20-25 бағдарламасы арқылы баспана беру басталды

1361

Бүгін 7-20-25 бағдарламасы арқылы баспана беру басталды

7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық займдар рәсімделді. Әзірге баспана алуға ниет білдіргендер Алматы, Астана,Ақтау, Өскемен, және Орал қалаларының азаматтары. Бағдарлама ресми түрде іске қосылғалы, яғни  2 күннің ішінде 3000-ға жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы Ұлттық банктің өткізген арнайы баспасөз маслихатында айтылды. Сонымен қатар ипотекалық несие беретін серіктес банктер тізімі белгілі болды.

Олар Банк Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, банк RBK, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Жыл соңына дейін Сбербанк және Форте банк  азаматтарға ипотткалық несие береді деп жоспарланып отыр.  Аталған бағдарлама бойынша  1 триллион теңге ипоеткалық қарыз беріледі және ол үшін арнайы "Баспана" ипоекталық ұйымы құрылды.  

Айта кету керек, бағдарлама шарттары барлық азаматтарға бірдей, жеңілдіктер қарастырылмаған. Яғни жұмыс істейтін, алайда баспанасы жоқ кез келген  азаматтар осы бағдарлама арқылы пәтер алуға мүмкіндіктері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу