Бүгін 8 қалада метеоахуал қолайсыз болады

205

Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорололгиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін 8 қалада метеоахуал қолайсыз болады Фото: inbusiness.kz

"2023 жылғы 15 желтоқсанда Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер, Петропавловск, Көкшетау, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу