Бүгін – Абай күні

568

Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы дата күнтізбеге Абай күні ретінде ресми бекітілген еді.

Бүгін – Абай күні Фото: kaznai.kz

Бүгін, 10 тамыз – Абай күні. 2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз "Абай күні" дейтін мерекелік дата болып бекітілген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай күні ретінде 10 тамыздың белгіленуі бекер емес. Ғылыми ортада ойшылдың туған күні туралы екі түрлі нұсқа болғанымен, жылдар бойы 10 тамыз ресми түрде Абай Құнанбайұлының туған күні ретінде таңбаланып келді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы дата күнтізбеге Абай күні ретінде ресми бекітілген еді.

179 жыл бұрын (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлы дүниеге келді.

Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақстандықтар оның поэмалары, өлеңдері мен аудармаларымен бала кезінен таныс. Абай өзінің мағынасы терең және тілі бай шығармаларында адамдарды еңбекке, білімге, рухани дамуға шақырды. Абайдың прогрессивті көзқарастары бүгінде ерекше өзектілікке ие, өйткені оның идеяларына гуманистік және ағартушылық сипаттар тән.

Абай 170-ке жуық өлең, поэма мен "қара сөздерін" жазып, 56 аударма жасады. Оның аудармаларының арқасында әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу