Бүгін әлемнің бірқатар елдері Африка күнін тойлап жатыр. Бұл туралы 24 kz хабарлайды.
1963 жылы дәл осы күні құрылықтағы 32 мемлекет "Африка бірлігі Ұйымын" құрған еді. Кейін "Африка Одағы" деп атауы өзгеріп, БҰҰ жыл сайын осы күнді ресми түрде атап өтеді. Африка құрылығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі – БҰҰ-ның Қауіпсізік Кеңесі құрамына кіретін Қазақстан үшін де маңызды. Әйтсе де, Африканың экономикасы саяси текетірестер мен гуманитарлық түйткілдер кесірінен тұрақтылық орната алмай келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу