Бүгін Ақтауда мектеп оқушылары қашықтан оқиды

108

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Бүгін Ақтауда мектеп оқушылары қашықтан оқиды Фото: pixabay

Ақтау қаласындағы 1–11 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақтаудағы мектептерде қалыпты оқу режиміне оралу ауа райына байланысты болады. Жаңалықтарды қадағалаңыздар", – деп мәлімдеді Ақтау қаласының білім бөлімі.

Бұған дейін Маңғыстау облысында қарлы боран болатыны, жолдарда көктайғақ күтілетіні хабарланған еді. Өңірдің солтүстік-шығысында аяз -22°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу