Бүгінде елімізде зейнет жасындағы 2,3 миллионнан астам қарт бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған мейрамның мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, тану, олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сапасын арттыруға назар аудару және қамқор болу.
Қазақстанда қарт жандарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл Қарттар күніне орай Астана қаласы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы қарт жандарға 2-ден 10 АЕК мөлшерде, (шамамен 1,9 млрд теңге 234 мың адам) біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Одан бөлек, Қарттар күніне орай Алматы, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталды. Жалпы, биыл қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға шамамен 4,6 млрд теңге бағытталды.
Одан бөлек, мереке күні құзырлы органдар және облыс, аудан әкімдері өңірдегі қарт жандарды құттықтап жатады. Сонымен қатар түрлі форматта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.