Үндістанның негізін қалаушылардың бірі – Сардар Валлабхай Пательдің әлемдегі ең биік мүсінінің ашылу рәсімі бүгін Гуджарат штатында өтеді, деп хабарлайды EURONEWS-ке сілтемемен egemen.kz.
"Темір адам" атанған Сардар Патель тәуелсіздік алғаннан кейін 500-ге жуық князьдікті интеграциялауда маңызды рөл атқарды. Темір мен қоладан жасалған, биіктігі 182 м-ге жететін мүсін Америкадағы "Бостандық" мүсінінен екі есе биік. Оны жасауға 420 миллион доллар қаражат кеткен. Ол бұрынғы рекордты бұзып, әлемдегі ең биік мүсінге айналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу