Бүгін Алматы мен Ақтөбеде метеоахуал қолайсыз болады

132

Бүгін Алматы мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Алматы мен Ақтөбеде метеоахуал қолайсыз болады Фото: freepik

"2024 жылдың 28 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу