Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, елордадағы Б.Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусынан өрт шыққаны туралы хабар "101" пультіне 09:17-де түскен.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде, автобустың қозғалтқышы мен артқы бөлігі жанып жатқан.
"Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерімен өрт 5 минуттан соң ауыздықталды және толығымен 9:31 минутта сөндірдірілді",– делінген хабарламада.
Автобус ішінде жолаушылар болмаған.
Ал Алматыдағы автобус өрті таңертеңгі 6:45-те тіркеліпті. әл-Фараби мен Қожанов көшесінің қиылысында 32-ші бағыттағы қоғамдық көліктен өрт шыққан. Жылдам жеткен өрт сөндірушілер 7:04-те жалынды толық сөндіріп біткен.
Қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде көлікте ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ.