Алматы облысында 6 айлық баладан коронавирус анықталды

763

Алматы облысында коронавируспен ауырудың тағы 11 жағдайы тіркелді.  

Алматы облысында 6 айлық баладан коронавирус анықталды

Олардың 10-ы – Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Ауырған - 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Жалпы Алматы облысында коронавирусты 97 адам жұқтырғанды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу