Алматы қаласы терроризмге қарсы жедел штабының мәліметінше, бүгін 22 мамыр күні Беларусь көшесі, 15 мекенжайында орналасқан Алматы метрополитені депосының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді.
Оқытудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын машықтандыру.
"Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапқа әкеліп соқтыратынын ескеру қажет.