Бүгін Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі ашылды

632

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бүгін Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі ашылды Фото: gov.kz

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рет, Б-737 үлгісіндегі әуе кемелері арқылы орындалатын болады. Тасымалдаушы - "AnadoluJet", "Turkish Airlines" әуе компаниясының еншілес кәсіпорны. Алғашқы рейспен Анкарадан 140 жолаушы ұшып келіп, Астанадан 157 жолаушы ұшып кетті.

Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, "AnadoluJet" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Йылдыз, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу