Бүгін Астанада 35 градус ыстық болады

222

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.  

Бүгін Астанада 35 градус ыстық болады Фото: pixabay.com

28 тамыз күні Қазақстанның 14 өңірінде және елордада аптап ыстық, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада күндіз қатты ыстық болады, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірдің оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай болжанған. Шығыста өрт қаупі өте жоғары, ал орталық пен оңтүстікте жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15 м/с дейін жетеді. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстік бөлігінде өте жоғары деңгейде сақталады.

Ақмола облысының батысында күндіз найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа көтеріледі. Батысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өңірде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, ал батысында өте жоғары деңгейде сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа көтеріледі. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, шығысы мен батысында жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 40 градусқа көтеріледі.

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында күндіз шаңды дауыл болжанған. Облыстың батысы, солтүстігі және орталығында солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің батысында өрт қаупі жоғары, ал басқа аумақтарында өте жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының аумағында күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу