13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан ересектер арасында "Елорда Кубогы" ІІІ халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзірбайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай командалары келді. Бүгінгі күні Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан ерлер командасы бұл жарысқа олимпиадалық құраммен қатыспақ.
Турнир келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді:
Ерлер:46-48,-51,-54,-57,-60,-63,5,-67,-71,-75,-80,-86,-92,+92 келі;
Әйелдер: 45-48,-50,-52,-54,-57,-60,-63,-66,-70,-75,-81,+81 келі.
Байрақты бәсекеде ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары.
Турнирдің ашылу салтанаты: 13 мамыр 2024 жыл сағат 12:00
Бірінші жарыс күні Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Райыс Нұрқанат, Қамшыбек Қоңқабаевтар сынға түседі.