Бүгін Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ел чемпионаты 16 қарашаға дейін жалғасады. Ұлттық біріншілікке еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысуда.
Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұловтың айтуынша, Қазақстан чемпионатындағы үздіктер бас командаға қабылданып, ірі халықаралық жарыстарда шыңдала бастайды.
"Ел біріншілігі барлық спортшылар үшін үлкен жарыстарға жолдама беретін турнир. Чемпионаттағы ең мықты деген спортшыларын біз құрамаға қабылдап, Гран-при, Гранд-слэм додалары мен Азия және әлем чемпионаттарына апарамыз. Бүгінде елімізде өте талантты жастар өсіп келеді. Түркістан облысы, Шымкент, Алматы, Қарағанды облыстарында дзюдо қарқынды түрде дамуда. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында да спорттың бұл түріне қызығушылық арта бастады. Демек, ұлттық біріншіліктің тартысты әрі қызықты өтеріне сенім мол", - деді бас бапкер Айдын Смағұлов.
Olympic.kz дзюдодан Қазақстан чемпионатының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.
13 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -60 кг, -66 кг;
Әйелдер: -48 кг, -52 кг;
16:00 – Жарыстың ашылу салтанаты
16:30 – Финалдық белдесулер
14 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -73 кг,-81 кг;
Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг;
16:00 – Финалдық белдесулер
15 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Әйелдер: -78 кг, +78 кг;
16:00 – Финалдық белдесулер
16 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Аралас командалық сайыстар
-57 кг, -70 кг, +70 кг, -73 кг, -90 кг, +90 кг;