Саммитте соңғы жылдары ТМД іс-шараларына қатысуын тоқтатқан Украинаның өкілі болмайды. Сондай-ақ Молдова басшысы жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты қатыса алмайды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің ТМД-ға төрағалығының қорытындысын жариялайды. Саммитте сондай-ақ 2023 жылы ТМД-ға төрағалықты Қырғыз Республикасына беру және Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын Бішкекте өткізу туралы шешім қабылдау жоспарланып отыр.
Достастық алаңында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ Қазақстандағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарды қарау және қабылдау жоспарлануда.
Атап айтқанда, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың кезекті бағдарламасын бекітеді. Мәдени құрамдас бөліктің интеграциялық өзара іс-қимылдағы ерекше рөлі тұрғысында мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының бастамасымен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдеме қабылдауды көздеп отыр.