Бүгін ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

714

Бүгін ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

Құрметті ата-аналар!

2017 жылдың 12 мамыры күні сағат 18.30-да еліміздің барлық мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болатынын тағы бір мәрте естеріңізге саламыз. Бұл күні еліміздің барлық мектебі есігін айқара ашпақ. Білім – бәрімізді толғандыратын ең басты сауал әрі балаларымыздың болашағы. Сондықтан бұл шарадан тыс қалмауға шақырамыз.

Сондай-ақ құрметті жұмыс берушілер, сіздерден үйінде мектепте оқитын баласы бар ата-ананы жұмыстан ертерек босатып, ал кешкі ауысымда істейтіндері болса, бірнеше сағатқа ата-аналардың жалпыұлттық жиналысына жіберулеріңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру мәселелері шешілген, жиналыста мектептегі білім мен Қамқоршылар кеңесінің құрылуы жөнінде мағлұматтар алып, ата-аналар өздерін толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап ала алады.

Тағы бір маңызды нәрсе, әр ата-ана өз еркімен мектептегі кітапханаға оқуға қызықты деген кітаптарын әкелсе, нұр үстіне нұр. Өйткені, сіз оқыған қазыналы кітапты оқушылар да қызыға оқып жатса, бір ғанибет болар еді.

Ал кітап – ең басты байлық әрі әдемі сыйлық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу