Бүгін Атырау қаласындағы қоғамдық көліктер қыз-келіншектерді тегін тасымалдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындармен бірге осындай бірлескен шешім қабылданған.
"Атырау қаласы мен шаһар маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустар 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектерден жолақы талап етілмейді. Автобустар әдеттегі кестеге сәйкес таңғы сағат 07:00-де жолаушы тасымалдауға шықты. Оның №12 және 14 маршруттағы қоғамдық көліктер түнгі сағат 23:00-ге дейін, өзге автобустар сағат 21:00-ге дейін жолаушылар тасымалдайды. Күн сайын барлық бағытта жолаушы тасымалдайтын 200 автобус бар", - деп хабарлады "СмартАтырау" КММ директоры Арслан Аронов.