Бауырлас ел 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына байланысты қара жамылды.
Әзербайжандық БАҚ мәліметінше, елде тулар түсірілді. Ел мешіттерінде құрбан болғандардың рухына дұға бағышталып, еске алу шаралары өтеді.
Сонымен қатар, Бакуде жаңажылдық шыршалардың шамдары сөндірілді.
Oxu.Az порталының мәліметінше, Әзербайжандағы аза тұтуға байланысты елдің Мәдениет министрлігіне қарасты театр-концерт мекемелерінде 26 желтоқсанға жоспарланған барлық мәдени іс-шара кейінге шегерілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу