Бүгін Азия ойындарында спорттың бірнеше түрінен қазақстандық атлеттер сынға түсуде, деп хабарлайды olympic.kz.
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша бақ сынаған Мария Дмитриенко іріктеу кезеңінде бірінші орынға шықты. Ол 49 ұпай жинаған.
Ал Анастасия Давыдова 19-орында.
Нысана көздеушілер де Азия ойындарын бастап кетті. 10 метрге винтовкамен атудан сынға түскен Клейменов/Староситан жұбы 11-орын иеленіп, келесі кезеңге өте алмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу