Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 24 қарашада сағат 10.00-да Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі. Кездесу Алматы қаласы, Абай 90 даңығылы Q-Lab кеңістігі, "Ангар" конференц-залында өтеді.
Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференция арқылы кездесуге қатыса алады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Youtube" әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.