"1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар үшін қоғамдық көліктерде тегін жол жүру ұйымдастырылады", - деп жазылған Astra Bus қосымшасы таратқан хабарламада.
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын кеңінен аталып өтіледі. Демалыс күні болып жарияланбағанмен, елде түрлі іс-шаралар мен халықтық серуен өткізіледі. Балаларға арналған концерттер, ойын-сауықтар ұйымдастырылады.
Осыған байланысты Астананың қоғамдық көліктері балалар мерекесіне ашық есік күнін ұйымдастырды. Балалар күні бойы қоғамдық автобустарда тегін жүретін болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу