Бүгін балық шаруашылығы мамандарының кәсіби мерекесі

1578

Бұл салада еліміз бойынша барлығы 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Бүгін балық шаруашылығы мамандарының кәсіби мерекесі

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Балық шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін, ардагерлері мен жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, қажырлы еңбегі, жоғары шеберлігі, өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!",– деп атап өтті министр.

2017 жылғы 31 қазандағы Үкімет қаулысымен шілде айының екінші жексенбісі балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні деп белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу