Бүгін батыс облыстарда қатты ыстық болуы мүмкін – Қазгидромет

726

Бүгін, 10 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін батыс облыстарда қатты ыстық болуы мүмкін – Қазгидромет

Синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында – 15-20 м/с.

"Күндіз 10 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 16 м/с", – деп жазды Қазгидромет.

Күндіз 10 шілдеде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу