Бүгін Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогі басталады

482

Қазақстандық балуандар аталған сынға қатыспайды. 

 Бүгін Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогі басталады

Бүгін Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен жекелеген әлем кубогінің шымылдығы түріледі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ғаламдық пандемияға байланысты күрестен халықаралық турнирлер ұйымдастыруға тыйым салынды. Ал әлем чемпионатын толық құрамда өткізу биыл мүмкін емес. Себебі, көптеген мемлекет пен Латын Америкасы және Океания елдері әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты чемпионатқа қатысудан бас тартты. Сондықтан, Біріккен күрес әлемі (UWW) жарыс форматын өзгертіп, жекелеген әлем кубогін өткізуді жөн санаған. Мұндай шешімді UWW өкілдері 10 қарашада қабылдаған болатын. 

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық балуандар аталған сынға қатыспайды. 

Әлем кубогін грек-рим күресінің шеберлері бастайды. "Классиктер" арасындағы финалдық бәсекелер 13-14 желтоқсанға жоспарланған.  Әйелдер күресінен ақтық айқас 15-16 желтоқсанда, еркін күрестен финалдық сын 17-18 желтоқсан күндері өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу