Бүгін бес ел президенттерінің қатысуымен Каспий саммиті басталады

799

Саммитке Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Ресей және Иран мемлекеттерінің президенттері қатысады.  

Бүгін бес ел президенттерінің қатысуымен Каспий саммиті басталады

Бүгін Ақтауда Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Ресей және Иран мемлекеттерінің президенттері қатысатын бесінші саммит басталады, деп хабарлайды "Egemen Qazaqstan" газеті.

Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады.  Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды.

11 тамыз күні Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабын таныстыру шарасында ҚР Президенті 12 тамызда өтетін Ақтау саммитінде тарихи шешім қабылданатынын айтқан еді. 

"Ертең Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының бесінші саммиті ашылады. Соңғы 20 жылда Каспий теңізінде ортақ жұмыстарымыздың барлық мәселелерін шешу үшін ұстанымдарымызды келісуге талпындық, күрделі келіссөздер жүргіздік. Бұл тұрғыда кеме қатынасы, ресурстар, биологиялық ресурстарды қорғау және мемлекеттердің сауда ынтымақтастығы секілді тақырыптар назарда болды. Бүгінде барлық мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді деп айта аламын. Ертең тарихи шешімнің қабылдануын күтіп отырмыз. Бұл өте маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу