Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, тұман түседі

253

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, тұман түседі Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер бүгін, 9 ақпанда республиканың 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 24 м/с, күндіз оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Түркістан облысының тауларында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). 09 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, 10 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. 09-10 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу