Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады

273

Республика бойынша жел күшейеді.

Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ел аумағында 5 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте бұршақ болады. Түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін. Тек елдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

"Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысның солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады", — деп жазды синоптиктер.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу