Бүгін "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

702

Іс-шараға IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатыспақ.  

Бүгін "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді Фото: trend.az

Жәрмеңкені ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Болашақ" стипендиясының әкімшісі-Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырады, деп жазады inbusiness.kz.

Сағат 14:00-де Astana Hub көрме алаңында инженерлік-технологиялық мамандықтардың "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

Шараға Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және т.б. компаниялар қатысады. Жұмыс беруші компаниялар "Болашақ"бағдарламасының түлектері үшін өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынады.

Шараның өтетін орны: Астана қ., Astana Hub, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, с-4.6 павильоны (сағат 14:00-17:00 аралығында).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу