Бүгін Бүкіләлемдік қарттар күні

3067

Елордада осыған байланысты түрлі бағыттағы шаралар өтеді.

Бүгін Бүкіләлемдік қарттар күні

1 қазан күні "Астана" концерт залында ардагерлер шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Бағдарламада "Ветеран", "Шаңырақ" және "Алаш Аманаты" хорлары, "Ивушка", "Надежда" және т.б. вокалдық топтардың қатысуы жоспарланған деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ Халықаралық қарттар күніне арналған фотокөрме, көркем шығармашылық көрме, флешмоб, экскурсия ұйымдастырылады. Шара 1000 адамды қамтиды деп жоспарланған. "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлттық ұланның үрмелі аспаптар оркестінің "Қарттарым – асыл қазынам" атты концерті өтеді. 3 қазанда аталған мекемеде ТЖД қызметкерлері мен хореография академиясының мамандары "Шарапат шақырады" атты мерекелік концертін ұсынады.

Қаланың барлық ұйымдары мен кәсіпорындарын қоса алғанда Қарттар күніне арналған шаралар кезінде 40 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған.

Елорданың дәмханалары мен мейрамханаларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлерінің қатысуымен бірқатар шара өткізіліп, оларға ақшалай және естелік сыйлықтар табысталады.

Қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдары, мектептері, колледждері мен ЖОО-дағы оқушылар, студенттер мен ұжымдар педагогикалық еңбек ардагерлерімен, ал медициналық ұйымдарда денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында барлық санаттағы ардагерлермен кездесу өткізіліп, кәдесыйлар табыстап, концерттік бағдарлама ұсыну арқылы ұлықтау көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында 80 мыңнан аса зейнеткер тұрып жатыр, оның ішінде 57 Ұлы Отан соғысының ардагері, 25 мың мүмкіндігі шектеулі қария бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу