Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады

349

Бұған АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы себеп.  

Бүгін  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады Фото: "Анадолы" агенттігі

Халықаралық қауымдастық оңтүстік америкалық елдегі тұрақсыз ахуалға алаңдаулы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттардың қарулы күштері, Каракасқа басып кіріп, Николас Мадуро мен оның әйелін тұтқындап, Нью-Йорктегі есірткімен қарсы күрес жөніндегі басқарма ғимаратына жеткізді.

Соңғы мәліметке қарағанда, Мадуроға қатысты сот 5 қаңтарда өтуі мүмкін. Ол есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір Венесуэлада уақытша президент тағайындалды. Мемлекет басшысы міндетін атқару вице-президент Делси Родригеске тапсырылды. Тиісті шешімді Венесуэла Жоғарғы соты қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу