Бүгін Чемпиондар лигасының жеребесі тартылады

710

Осы маусымдағы UEFA чемпиондар лигасы топтық кезеңінің барлық қатысушылары белгілі болды.

Бүгін Чемпиондар лигасының жеребесі тартылады

Мұнда жылдағыдай 32 команда бір елдің клубтары бір-бірімен кездесе алмайтын шартпен сегіз топқа бөлінеді. Жеребе кезінде командалар 4 себетке орналасады, деп хабарлайды Prosports.kz.    

1 себет: "Ливерпуль" (Англия), "Челси" (Англия), "Барселона" (Испания), "Манчестер Сити" (Англия), "Ювентус" (Италия), "Бавария" (Германия), ПСЖ (Франция), "Зенит" (Ресей).

2 себет: "Реал Мадрид" (Испания), "Атлетико Мадрид" (Испания), "Тоттенхэм Хотспур" (Англия), "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Наполи" (Италия), "Шахтер" (Украина), "Бенфика" (Португалия), "Аякс" (Нидерланд).

3 себет: "Лион" (Франция), "Байер" (Германия), "Зальцбург" (Аустрия), "Олимпиакос" (Грекия), "Брюгге" (Бельгия), "Валенсия" (Испания), "Интер" (Италия), "Динамо Загреб" (Хорватия).

4 себет: "Локомотив" (Ресей), "Генк" (Бельгия), "Галатасарай" (Түркия), РБ "Лейпциг" (Германия), "Аталанта" (Италия), "Славия" (Чехия), "Црвена Звезда" (Сербия), "Лилль" (Франция). Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі бүгін, 29 тамыз күні Монакода Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу