Елімізде 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі, деп жазады inbusiness.kz.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" тиісті қаулыға қол қойған болатын.
Айта кету керек, биыл еліміз БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингте 28-орынға тұрақтады. Бұдан бөлек "онлайн-қызметтер сапасының индексі" бойынша 8-орынға орналасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу