Бүгін – Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні

1218

Биыл Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толды.

Бүгін – Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні

22 тамыз – совет заманында Қазақстанды ең көп басқарған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткен күні, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен бірге биыл Дінмұхамед Қонаевтың туғанына да 110 жыл толды. 

1960-1986 жылдар аралығында Дінмұхамед Қонаев Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды. 

1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін қысымға алынып, қызметінен кетті.

1987 жылы маусым айында "Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін" деген айыппен Қазақстан компартиясының орталық комитетіне мүшеліктен шығарылды.

Өмірінің соңына қарай халықпен еркін араласты. "Өтті дәурен осылай", "Ақиқаттан аттауға болмайды" деп аталатын естелік жинақтар жазып қалдырған.

Айта кетсек, жуырда ғана, 13 тамыз күні Тараз қаласында мемлекет қайраткерінің 110 жылдығына орайластырылып, ескерткіш орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу