Бүгін Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездеседі

1059

Қазір Ханойда саммитке соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Саммитте тараптар Корея түбегін ядролық қарудан азат етуге қатысты нақты шаралар қабылдауы мүмкін.

Бүгін Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездеседі

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Вьетнам астанасына келді. Салтанатты қабылдаудан соң ол шаһар орталығында орналасқан "Мелия Ханой" қонақүйіне бет алды, деп хабарайды 24.kz.

Қазір Ханойда саммитке соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Екі күндік жиын ертең басталуға тиіс. АҚШ президенті Дональд Трамп кездесуге бүгін барады.

Айта кетейік, екі ел басшысының алғашқы тарихи жүздесуі былтыр жазда Сингапурде өткен еді. Онда тараптар бірлескен құжат қабылдап, Пхеньян ядролық қарусыздануды жүргізуге ал Вашингтон қауіпсіздік кепілдігін беруге келіскен болатын. Ал ертеңгі саммитте тараптар Корея түбегін ядролық қарудан азат етуге қатысты нақты шаралар қабылдауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу