Бүгін Дүниежүзілік аллергия күні

1218

"Аллергиямен ауыратындарға қамқорлық КОВИД-19 кезінде де тоқтатылмайды"    

Бүгін Дүниежүзілік аллергия күні

Дүниежүзілік аллергия күні 8 шілдеде жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіледі. Аллергия күнін белгілеудің өзі әлемде осы дертке шалдыққандар қатарының жыл сайын артып келе жатқандығын білдіреді. ДДСҰ аталған аурумен күресті күшейтуге назар аудартып, ем-шарасын жетілдіру мақсатында 2000 жылы 8 шілдені ресми бекітті.

Биыл бұл күн қалыптасқан жағдайға байланысты "Аллергиямен ауыратындарға қамқорлық жасау КОВИД-19 кезінде де тоқтатылмайды" ұранымен өткізіледі.

Аллергияның белгілерінің өзі індеттің симптомдарымен ұқсас келеді. Сондықтан мамандар дәрілік заттарды қабылдау кезінде қосымша қауіп барын ескертеді, ал демікпемен ауыратындар КВИ кезінде асқынудың  қауіп тобына жатады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық аллергологиялық орталығы басшысы, м.ғ.д., профессор Таир Нұрпейісовтың айтуынша, орталық 2020 жылы болып жатқан барлық қиындықтарға қарамастан, еліміздің барлық өңірлерінің халқына консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету бойынша өз жұмысын тоқтатпаған.

"Біз пациенттердің қауіпсіздігі үшін барлық қажетті технологияларды меңгердік және оны тәжірибемізге енгіздік. Ересектерге де, балаларға да консультацияны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін алуға болады", – дейді Таир Темірланұлы.

Маман аллергияға шалдыққандар үшін бірқатар кеңес берді:

- Антибиотиктер әлі күнге дейін аллергиялық реакцияларды тудырушы ретінде басқа дәрілердің арасында бірінші кезекте тұр! Профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдамаңыздар! Дәріге деген аллергиялық реакция сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіреді.

- Аллергиялық ауруларды емдеу КВИ болу қаупінен тоқтатылмауы тиіс. Аллерголог дәрігердің тағайындамаларын орындаңыз, негізгі препараттарды қабылдаңыз!

- Аллергиялық аурулардың қатты асқынуын күтпей-ақ, аллергологтан алдын ала консультация алыңыз.

- Егер сіз аллергияға шалдығып, басқа препараттарды шұғыл қабылдауға мұқтаж болсаңыз, бұл ретте олардың қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз – оларды қабылдауды заманауи антигистаминді заттар (мысалы, левоцетиризин) көрінісінде бастаңыз. Олар шоктың даму қаупі мен басқа аллергиялық асқынулардың қаупін азайтады.

- Егер сіз аллергияға шалдықсаңыз – биологиялық белсенді қоспалар, поливитаминдер және өсімдіктен жасалған препараттардан бас тартыңыз – олардың пайдасы бар да шығар, алайда қаупінің болатындығы мейлінше нақты.

- "Табиғатта", ауылшаруашылық жұмыстарында, өсімдік, жәндіктермен тығыз байланыста болуды шектеңіз.

- Өзіңізді хлордан және қоғамдық орындарда себілетін басқа антисептиктерден қашықтықта ұстаңыз, олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, үйде химияны пайдалануды шектеңіз.

- Диета ұстаңыз.

- Дүрбелеңге жол бермеңіз, аллергияны тоқтатуға арналған заттар қолжетімді және олар сатылымда бар!

- Ғаламтордағы "сарапшылардың" "пайдалы" кеңесін тыңдамаңыз. Ақпаратты мамандардан тексеріңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу