250 мың әйел гуманитарлық көмек көрсетіп жүр

977

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериштің айтуынша, әлем бойынша гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан қызметкерлердің 40 пайызы, яғни 250 мыңы әйел адам. Жыл сайын олардың қызметі күннен-күнге ауырлап барады.

250 мың әйел гуманитарлық көмек көрсетіп жүр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қайырымдылық істерден сырт қалмайтынын, әрдайым мұқтаждарға көмек көрсететінін еске салды. 

"Бүгін Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні. БҰҰ бастамасымен донор-мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да қиын жағдайға ұшыраған мұқтаж мемлекеттер мен халықтарға қол ұшын созуда. Бұл – жаһандық гуманитарлық мәселелерді шешуге бағытталған қайырымды іс",– деп жазды Мемлекет басшысы twitter-дегі микроблогында.

Айта кетсек, жыл сайын 19 тамызда БҰҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік гуманитарлық көмек көрсету күні атап өтіледі.  2003 жылы дәл осы күні ұйымның Бағдат қаласындағы кеңсесі алдында лаңкестік жасалып, жүк көлігі жарылған болатын. Салдарынан 22 адам қаза тапты. Қатарында БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары Серджио Виейра де Милль бар.

Дүниежүзілік гуманитарлық көмек көрсету күні – азапты жеңілдетуге бағытталған әрекеттердің қажеттілігін еске салатын шара. Сондай-ақ, әртүрлі дағдарыстармен күрес жүргізіп жүрген еріктілер мен гуманитарлық миссия қызметкерлерінің еңбегін атап өтуге бағытталған. Биыл бұл күн дағдарыс пен шиеленіс жайлаған аймақтарда гуманитарлық көмек көрсетіп жүрген әйел адамдарға арналған. 

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериштің айтуынша, әлем бойынша гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан қызметкерлердің 40 пайызы, яғни 250 мыңы әйел адамдар. Жыл сайын олардың қызметі күннен-күнге ауырлап барады. 2003 жылдан бері 4500-ден астам адам қызметі барысында қаза тапқан, жарақат алған не кепілдікке алынған. Яғни жұмасына оларға 5 мәрте шабуыл жасалып келеді. Әсіресе әйел адамдарға көрсетілетін зорлық-зомбылық фактілері жоғары, дейді Гуттериш.  
 
Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу