Қазақстанның барлық қан орталықтары дүниежүзілік қан донорлары күнін "Мен не істей аламын?". "Қан тапсырыңыз. Оны қазір тапсырыңыз. Оны жиі тапсырыңыз!" деген ұранмен атап өтеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған іс-шара ваның, ДДСҰ және Астананың жетекші медициналық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.
"Донорлық - өзіңнің қаныңды таныс емес, оған мұқтаж адамға және оның өмірін құтқаруға сыйлайтын ерекше мүмкіндік. қан тапсыруда сіз алатын жалғыз сыйақы, ол - өзіңе қанағаттану, өзіңді құрметтеу және мақтаныш сезімі", - деді трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Соңғы 10 жыл ішінде қан қызметі реформаның үлкен жолдарынан өтті, соның арқасында қазір Қазақстанның қан қызметі дамыған елдерден еш қалыспайды. Әрбір облыс орталықтарында сапалы құралдармен жабдықталған заманауи қан орталықтары жұмыс жасайды. Донор қандарын зерттеу толықтай халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Трансфузиялық терапияның инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін лейкофильтрлеу, вирустық инактивация, қан компоненттерін сәулелендірудің жаңа технологиялары енгізілді.
Осы шаралардың барлығы халыққа сапалы медициналық қызметтің теңдей және әділетті қол жеткізу үшін республикалық қан орталықтары болсын, сондай-ақ облыстық қан орталықтары болсын барлығын мемлекет қаржыландырады" - деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Іс-шара шеңберінде астананың құрметті донорлары "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен, алғыс хаттармен марапатталды және естелік сыйлықтар алды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 14 маусымда бүкіл әлемде дүниежүзілік қан донорлары күнін атап өтеді.