Бүгін – Дүниежүзілік туризм күні

241

Биыл әлемде 800 миллион адам сапар шеккен. 

Бүгін – Дүниежүзілік туризм күні Фото: inbusiness.kz

Бүгін – Дүниежүзілік туризм күні. 1979 жылы БҰҰ жарғысымен саяхат күні бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24kz-тің мәліметі бойынша, жалпы биыл әлемде 800 миллион адам сапар шеккен. Сала пандемияға дейінгі деңгейге жақындап, 96%-ке дейін қалпына келген.

Биыл туризмнің әлемдік экономикадағы үлесі 11 триллион долларға дейін жетуі мүмкін. Соған қарамастан, мамандар саяхат саласының дамуына тұсау боп тұрған факторлар аз емес дейді. Олар: көлік қызметі пен қонақүй бағасының қымбаттығы, кадр тапшылығы, сондай-ақ табиғи құбылыстар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу