Бүгін дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

631

Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы басталды.  

Бүгін дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

Жарыстың бірінші күнінде татамиге шыққан қазақстандық дзюдошылардың бәрі жүлделі орынға іліне алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін ерлер 60, 66, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде белдесуде.

Қазақстандық Анна Казюлина (52 кг) бірінші белдесуінде Перу спортшысынан жеңіліп қалды.

Ерлер құрамасынан сынға түскен Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Дәурен Сүйеукенов (60 кг) екінші айналымда қарсыластарына есе жіберді.

Ал Ерлан Серікжанов (66 кг) ширек финалдық жолдаманы грузиялық балуан Важа Маргвелашвилимен сарапқа салды. Нәтижесінде екеуара кездесу  Грузия балуанының еншісіне шешіліп, отандасымыз Ерлан Серікжанов жарыс жолынан шықты.

Айта кетерлігі, Ерлан бүгінгі жарыста барлығы үш кездесуөткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Іріктеу кезеңінің екінші айналымында ол Зиад Аунды (IJF), үшінші кезеңінде Саини Уайлды (Үндістан) ұтқан болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу