Бүгін екі қалада ауа сапасы күрт нашарлайды

234

17 қараша күні Қазақстан аумағының барлық бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

Бүгін екі қалада ауа сапасы күрт нашарлайды Фото: pixabay.com

Жұма күні ауа ластануының қолайсыз метеожағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ, елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу