Бүгін екі өңірде орман өрті шықты

311

2026 жылғы 13 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін екі өңірде орман өрті шықты Фото: cursorinfo.co.il

Оның бірі Жетісу облысында болса, екіншісі Павлодар облысында болған.

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеу қызметі мен ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталған.

Соның нәтижесінде жедел әрекет жасалып, тілсіз жау қысқа мерзімде оқшауланды. Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің мамандары, "Қазавиаорманқорғау" әуе өрт сөндіру десанттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы, сондай-ақ арнайы техника мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу