Бұл туралы Екібастұз қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, 18 қаңтарда келесі мекен-жайларда жөндеу жұмыстары жоспарланған:⠀
- Павлов көшесі, 80-үйден Безымянный көшесіне дейінгі учаскедегі жылу желісіне қосу, осыған байланысты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 7 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда;⠀
- Қонаев көшесі, 138-үй бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануды жою, осыған байланысты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін 4 көпқабатты тұрғын үй мен 1 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда.