Бүгін ел аумағында 27 градусқа дейін аяз болады

126

Дүйсенбі, 10 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін ел аумағында 27 градусқа дейін аяз болады Фото: delfi

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні – 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде – 15-20, күндіз кей уақытта екпіні – 23 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде – 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда қатты аяз (25-27 градус) болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу