Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

542

"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 11 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады? Фото: Толқын

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Шымкентте  түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 

Ұлытау облысында шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с, найзағай кезінде кей уақытта 25 м/с. 

Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу