Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?

375

"Қазгидромет" РМК-сы қыркүйектің 20-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады? Фото: inbusiness.kz

Сәрсенбі, 20-қыркүйек күніреспубликамыздың батыс аймақтарына антициклон ықпалының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Ал еліміздің басқа аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылып тұрады, яғни жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша екпінді жел тұрып, тұман түседі, түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу