Синоптиктер 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық солтүстік-батыс антициклоны ықпалында болатындықтан, көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -31...-33°C, күндіз -25...-27°C болады.
Алматыда ауа райы бұлтты, қар жауады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 10...-12°C, түнде одан әрі төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15...-17°C, күндіз -9...-11°C болады.