Бүгін ел аумағында боран соғып, аяз күшейеді

195

Синоптиктер 2024 жылғы 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін ел аумағында боран соғып, аяз күшейеді Фото: weacom.ru

"Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады", – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс – желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, – 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу