Бүгін ел аумағында күн райы қандай болады?

155

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 31 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін ел аумағында күн райы қандай болады? Фото: freepik

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтап қалады: найзағаймен жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Абай облысында қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Алматы, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қауіпі сақталады, Абай облысында, Қарағанды облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысыныңбатысында, Ұлытау облысында, Жамбыл облысыныңсолтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу